Есіл өзенінің үстінен көпір-үй салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есіл өзенінің үстінен көпір-үй салынады. Бұл туралы елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Triathlon Towers» жобасы қаладағы жаңа әрі басты нысандардың бірі болмақ. Есіл өзені жағалауындағы Триатлон мен Жетісу саябағының аралығында бой көтеретін көпір-үй, саябақтардың дамуына жаңа серпін береді. Және де жаңа жоба қала архитектурасына сәйкес келеді», - делінген хабарламада.

Басқарманың дерегіне сүйенсек, жаңа көпір-үй қаланың көркін тамашалай алатын туристердің сүйікті орнына айналады деп күтілуде.

«Бұл ерекше құрылыс өзеннің екі жағалауын жаяу және көлік, веложолдар арқылы жалғайды. Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағалауында жаңа су вокзалы құрылады. Бұл таза және экологиялық өмір сүрудің символы болып табылады», - дейді басқарма.

Көпфункционалды тұрғын үйдің жеке апартаменті, қонай үйі мен автокөлік тұрағы болады. Биіктігі 42 қабаттан тұратын жаңа нысанды салу тұжырымдамасы қала құрылысын жобалау кеңесінде алдын ала келісімнен өтті.

Соңғы жаңалықтар