Есіл өзенінің Петропавл гидробекетінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер Петропавл қаласы арқылы өтетін Есіл өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Су тасқынының бірінші толқыны бәсеңдеп, екінші толқынның келуіне байланысты Есіл өзенінің Петропавл қаласындағы гидрологиялық бекетінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су мөлшері қауіпті деңгей - 1050 см дейін жетеді деп күтілуде» делінген хабарламада.

Көрсеткіш 1050 см-ге жеткенде өзен суы «Петропавл тәлімбағы» РМКК бұрылысындағы автокөлік жолы және Мичурино, Прибрежное ауылдарындағы автожолдар арқылы ағады.

Соңғы жаңалықтар