Есіл өзені жағасында жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзенінің жағасында жоғалған 44 жастағы ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстікқазақстандық волонтерлер әлеуметтік желіні пайдаланып, 1976 жылы туған Анатолий Васильевич Чудопаловқа іздеу жариялады. 44 жастағы ер адам 18 шілде күні Береговая көшесі маңында, «Восточный берег» мейрамханасынан алыс емес Есіл өзенінің жағалауында жоғалған.

Оның бойы 170 см шамасында, шымыр денелі келген, қой көзді, қарақоңыр шашты. Ерекше белгісі – иығында қанжар мен жылан суреттелген татуировка бар.

Сол күні үстінде сұр түсті футболка мен шалбар болған.

Ер адам жайлы көрген-білгендер 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 76 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар