Есіл өзені жағасынан жоғалған ер адамның денесі судан табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған 44 жастағы ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 12.00-де жедел іздестіру отряды - 5 құтқарушы бір техника және бір жүзу құралымен іздеу операциясын бастады. Бір сағат шамасында 1976 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Мамандардың айтуынша, ер адамның үстінде сыртқы киімі болған.

Петропавлда 44 жастағы ер адам белгісіз жағдайда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған еді. Алдымен оны полицейлер мен волонтерлер іздеп, кейін іздеу шараларына құтқарушылар қосылды.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, істің-мән жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар