Есіл бойында салынатын Бұзылық су қоймасына 43 млрд теңге бөлінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында жылдары Нұра топтық су құбырын қайта жарақтауға 16 млрд теңге жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жалпы құны 630,8 млн теңге болатын Егіндікөл ауылынан Степняк қаласындағы астық қабылдау пунктіне дейінгі ұзындығы 15 шақырым Нұра топтық су құбыры учаскесін реконструкциялау жобасын іске асыруда. Биыл жобаны іске асырудың басында республикалық бюджеттен 330 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Жобаны аяқтау 2024 жылдың шілдесінде жоспарлануда.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 337 шақырым болатын Нұра су құбырының қалған учаскелерін реконструкциялауға бағытталған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. Реконструкциялаудың құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды. Іске асыру кезеңі – 2024-2026 жылдар», -деп жазылған жауапта.

Оның айтуынша, Есілдің арнасындағы суды тиімді падалану үшін 2024 – 2027 жылдары Бұзылық су қоймасы салынады.

«Экология министрлігі шілде айында көктемгі мол суды реттеп, жинақтау үшін сондай-ақ оның Есілдің төмен жағындағы Сергеев, Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Есіл қарымта реттегішін (Бұзылық су қоймасы) салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтайды. Құрылыстың болжамды құны – 43 млрд теңге. Іске асыру кезеңі – 2024 – 2027 жылдар», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар