Есіл ауданында ұсақ фермерлік шаруашылықтар кооперативтерге бірігуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бірқатар ұсақ фермерлік шаруашылықтардың басын қосып, ауылдық тұтынушылар кооперативтерін құру жұмыстары қолға алынуда.

Бүгінгі таңда Есіл ауданындағы Красивое селосында осынай екі кооператив құрылған. Онда елуге жуық отбасы біріккен. Елбасы Жолдауы аясында қолға алынған мұндағы жобаның мақсаты - ауылдық жерлердегі мал тұқымын асылдандыру және ұсақ шаруашылықтардың басын біріктіре отырып, мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктерге қол жеткізу болып табылады.

Осы мақсатта аталған елді мекенге Сандықтау ауданындағы Балқашин асыл тұқымды зауытынан қазақтың ақбас сиырының 5 бас бұқасы әкелінді. Қазір бұл ірі қаралар карантинде тұр. Алдағы уақытта тағы бірнешеуін әкелу жоспарланған. Ауылдық жерлердегі ұсақ фермерлік шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуі қолда бар ірі қара тұқымын асылдандыруға әрі мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктерге қол жеткізуге зор мүмкіндік береді, дейді Красивое селолық округінің әкімі Ержан Тынымбаев.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні аудан бойынша осындай 14 кооператив құрылған. Мұндағы асыл тұқымды бұқалардың 70 пайызы "ҚазАгро" АҚ еншілес кәсіпорыны "Казмит" ЖШС-і арқылы қаржыландыруда.

Соңғы жаңалықтар