Есікті құлыптап алған: СҚО-да келіншек сәбилерінің әрекетінен үйге кіре алмаған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құтқарушылар бір күнде пәтер есігін ашып беруге қатысты екі шақыртуға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» құтқару қызметінің телефонына Петропавлдағы көпқабатты үйдің пәтер есігін ашуға көмектесуді сұраған хабарлама түседі. Телефонның ар жағындағы адам баспанада әйелдің барлығын, бірақ оның көпке дейін есік ашпай жатқанын айтқан.

Оқиға орнына дереу «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі жіберілді. Құтқарушылар кіреберіс есікті шанц құралының көмегімен ашты. Үйде 1977 жылы туған әйел болған. Сырқаттанып қалған тұрғынға жедел жәрдем қызметі бірден медициналық көмек көрсетті.


Дәл сол күні бір сағат өтер-өтпестен екі сәбидің абайсызда пәтерді іштен құлыптап, анасының үйге кіре алмай тұрғаны жайында хабарлама түседі.

Балалардың анасы бірнеше минутқа үйдің астыңғы қабатында орналасқан дүкенге шығып кеткен. Үйде қалған 2 және 3 жастағы екі сәби есікті құлыпқа жауып алған. Есікті өздігінен аша алмаған әйелге құтқарушылар көмекке келіп, ана балаларымен аман-есен қауышты.


Соңғы жаңалықтар