Есікті бұзып кірді: Алматылық құтқарушылар өртенген пәтерден қарияны құтқарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өрт сөндірушілер қарияны өртеніп жатқан пәтерден алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Ақсай 4» шағын ауданы, №122 үйдің төртінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама кезекші пультіне түскен.

Бес минутта оқиға орнына мотоцикл тізгіндеген ТЖД өкілдері жеткен.

Тоғыз қабатты үйдің 4-қабатындағы балконнан қалың түтін будақтап жатты. Үйдің маңында автомашиналар тұрғандықтан көлікпен жақындап бару мүмкін болмады.

«Пәтердің есігі жабық болды. Көршілердің айтуынша, үйде 78 жастағы қарт тұрып жатқан. Оны құтқару үшін өрт сөндірушілер есікті гидравликалық құралмен ашты. 1941 жылы туған қария қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.

Анықталғандай, жалын кондиционердің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Бір шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар өртеніп, содан қалың түтін будақтаған.

Соңғы жаңалықтар