Есіктегі зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі белгілі болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері Есік ісіне қатысы бар төртінші күдіктінің есімін анықтады.

Ол 1994 жылы туған Нұрбол Е., екені анықталды. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгілі, аталмыш ауданда жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлады Алматы облысының ІІД.

Бүгінде үш күдікті ұсталды, олар жергілікті тұрғындар: немере ағайынды - 1984 жылы туған Ербол Е., мен 1987жылы туған Алмаз Е., сондай-ақ 1994 жылы туған Асхат. Б., олар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген әйелдің анасы -  Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті. Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.

ҚР ҚК 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.

 

Соңғы жаңалықтар