Есікте топ болып Жібек Мусинованы зорлағандарға үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін дүйім жұртты шулатқан Есіктегі қыз зорлау ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Бектұрсынов 10 жылға, Алмас Ермеков 9,5 жылға, Ербол Ермеков 8 жылға, Елтай Нұрбол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Судья Ерлан Баймулдинов сотталушыларға осындай үкім кесті.

Естеріңізге сала кетейік, Жібек Мусинованы зорлағандардың ісі Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Прокурор 4 азаматты 11 жылға  бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Айта кету керек, 18 тамызда Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын 4 азамат зорлап кеткендігі жөнінде айтып, істің әділ өтуі жөнінде көмек сұраған болатын. Артынша, күдіктілер қамауға алынды. Және істі облыстық ІІД тікелей бақылауға алған еді.

Соңғы жаңалықтар