Есікте көз жұмған полицей жұмыстан тыс уақытта болған - ІІД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі Есікте болған атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғада көз жұмған полиция қызметкерінің  жұмыстан тыс уақытта болғаны анықталып отыр. Тергеу жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Қазіргі кезде қылмыс құралы алынып, тәркіленді», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Есікте атыс болып, полиция қызметкерінің ауруханада көз жұмғанын мәлім еткен болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар