Есікте бір қызды зорлаған 4 күдіктінің ісі сотқа жолданды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованың ісіне байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қылмыстық іс Еңбекшіқазақ аудандық сотының өндірісінде жатыр. Күдікті ретінде ұсталған төрт азамат бірнеше бап бойынша айыпталып отыр.

ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.Ж.Бектұрсын, Н.Т.Елтай, ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.А. Ермеков, Е.Н.Ермековке қатысты қылмыстық іс 04.10.2016 жылы сотқа түсті.  

Сондай ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша істі судья Е. Баймолдинов жүргізеді. Әзірге соттың алғашқы отырысы қай күні өтетіндігі жөнінде нақты белгіленген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын бірнеше адам зорлап кеткендігі жөнінде хабарлап, халықтан араша түсуін сұраған еді. Қоғамның үлкен талқысына түскен қылмыстық істі облыстық ІІД  өз бақылауына алған болатын.

Самал Қабышева 

Соңғы жаңалықтар