Есік пен Түрген шатқалдарына кіруге тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында Есік пен Түрген шатқалдарына серуендеуге тыйым салынды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері Миржан Әзербаев қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы 23 шілде - 2 тамыз аралығында Түрген, Есік шатқалдары территориясына кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді.

Тек төмендегі ережені сақтаған жағдайда ғана жаяу серуендеуге болады:

1. сусыннан басқа азық-түлік алып өтуге, дастархан жайып, от жағуға тыйым салынады;

2. үш адамнан артық адамдарға топтасып демалуға тыйым салынады;

3. әлеуметтік қашықтық талаптарын, маска киюді қамтамасыз ету;

4. бір отбасынан 3 адамнан артық адамдарға коропоративтік, экскурсиялық, топтық демалыс тыйым салынады

5. осы аймақта орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар) алдын ала төлем алуды тоқтату;

6. қаулы шыққан уақыттан бұрын демалуға келген туристер қонақ үйлер мен шипажайда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеледі;

7. туристік аймақтарда сауда нүктелері, сауна, бассейн жұмысы тоқтатылады.

8. Іле Алатауы Ұлттық паркіне арнайы қызметтен бөлек көліктердің кіруіне тыйым салынсын», - делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Бұған дейін Алматыда да 14 шілдеден бастап таулы аймақтарға демалуға тыйым салынған болатын.

https://kaz.inform.kz/news/14-shildeden-bastap-medeu-butakov-alma-arasanga-kiruge-tyyym-salynady_a3672303


Соңғы жаңалықтар