Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Есік қаласындағы атысқа қатысы бар тағы 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығы ұсталған үш күдікті 1999 және 1992 жылы туған азаматтар. Олар қамауға алынды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергеліп жатыр.

Еске салайық, шілденің 22-інен 23-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданның Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Кейін оның бірі көз жұмды.

25 шілде күні қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар