Есік қаласындағы атыс: Күдікті ретінде ер адам ұсталды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Есік қаласында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қылмысқа қатысты бар деген күдікпен 30 жастағы тұрғынды ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергелуде. Полиция оқиғаға қатысқан өзге де тұлғаларды іздестіріп жатыр», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, шілденің 22-нен 23-не қараған түні Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Кейін оның бірі көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар