Есік қаласында зорланған Жібек Мусинова әлеуметтік желі арқылы мұңын шақты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есік қаласында орын алған атышулы қылмыстық әрекеттің құрбаны болған Жібек Мусинова фейсбуктегі парақшасында осы уақытта құзырлы органдар тарапынан қаралып жатқан іске қатысты орын алған жағдай туралы жазған.

Нақтырақ айтқанда, Жібек өзінің қорқынышқа толы, жабырқаулы көңіл-күйі туралы атқан.

«Достар! Мен Сіздерге басымнан өткен жағдай туралы айтқым келіп отыр. Барлықтарыңыз білесіздер, менің ісім бойынша сот отырыстары өтіп жатыр. Жақында сот ол бойынша үкім де шығарады. Әрбір сот процесінде мені туғандарым мен жақындарым қолдап отыр. Өкінішке орай, маған зорлық-зомбылық көрсеткендер де қол қусырып отырған жоқ. Сот отырыстары аяқтала салысымен олар маған қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытып, үркіткендерін қояр емес. Олардың барлығы менің зорлықшыларымның достары. Олар: «Егер аналарды соттайтын болса, біз бүкіл Есік қаласын саған қарсы қоямыз!», дейді.

Мен өзім үшін қорықпаймын. Мен үшін қорқынышты жағдай болып қойды. Мен өзімнің жақындарым үшін қорқамын. Мен өзіме күш көрсеткендердің достарының менен қалай кек алайын деп жүргенін білмедім. Егер бұл адамдар зорлықшыларды қолдап отырса, онда олардың қолынан бәрі келеді. Маған өзімді жақсы танитын кластастарым мен достарым қолдау көрсетіп отыр. Менің оларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Алайда, маған зорлық көрсеткендерді де қолдаушылар аз емес болып тұр. Мені алаңдататыны сол. Олар мені куәгерлердің көзінше қорқытады. Мұндай адамдардан не күтуге болады ?»,-деп жазды Жібек парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын бірнеше адам зорлап кеткендігі жөнінде хабарлап, халықтан араша түсуін сұраған еді. Қоғамның үлкен талқысына түскен қылмыстық істі облыстық ІІД өз бақылауына алды.

Қылмыстық іс сотқа да жолданды. Күдікті ретінде ұсталған төрт азамат бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.Ж.Бектұрсын, Н.Т.Елтай, ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.А. Ермеков, Е.Н.Ермековке қатысты қылмыстық іс 04.10.2016 жылы сотқа түсті.

Соңғы жаңалықтар