+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Есік қаласында сирек кездесетін жайра видеоға түсіп қалды

2021 жылғы 24 маусым 21:01
Бөлісіңіз:
Есік қаласында сирек кездесетін жайра видеоға түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желі қолданушылары Есік қаласының көше кезіп жүрген жайраның (кірпікшешен түрі) видеосын таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің Есік қаласындағы Абай көшесін жайра кезіп жүр», - деп жазды Іnstagram-дағы @novosti_issyka парақшасы.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аталмыш видео туралы түсініктеме берді.

«Қазақстан фаунасында бұл тұқымның жалғыз түрі Маңғыстаудың оңтүстігінде, Талас, Қырғыз және Іле Алатауында, Қаратауда, Шу-Іле тауларында кездеседі. Алматы облысының аумағында Іле Алатауында кездеседі. 20 ғасырдың бірінші жартысында Алматы қаласының маңында кең тараған. Таралу аймағы Түрген өзенінің алқабына дейінгі аумақты қамтиды. Нәтижесінде антропогендік фактор өзінің тарихи аумағынан ығыстырылды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің деректері бойынша, Іле Алатауы мен оған іргелес аумақтар шегінде Үнді жайрасының саны шамамен 30-дан асады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT