Есік қаласында қыз зорлағандарды прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Есіктегі «зорлау» оқиғасына байланысты мемлекеттік айыптаушы төрт айыпталушыны 11 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады, деп ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Жібек Мусинованың қорғаушысы Айман Умарова мәлім етті..

Еске сала кетейік, қоғамның үлкен резонансын тудырған оқиға бойынша Еңбекшіқазақ ауданының сотында сот талқылауы өткен болатын. Жабық режімде өткен сот процесі бойынша төрт адам: Асхат Бектұрсын, Елтай Нұрбол, Алмас және Ербол Ермековтердің ісі қаралуда. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованы зорлаған деген төрт айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Сот үкімі 15 қараша күні шығатын болады.

Жібек Мусинованың адвокаты, бұл процеске қатыспауым мүмкін  деп отыр.

Жәбірленушіні зорлаған деген күдікпен төрт азамат бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.Ж.Бектұрсын, Н.Т.Елтай, ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.А. Ермеков, Е.Н.Ермековке қатысты қылмыстық іс 4 қазан күні сотқа түсті.  Айта кетейік, бұған дейін Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын бірнеше адам зорлап кеткендігі жөнінде хабарлап, халықтан араша түсуін сұраған еді. Қоғамның үлкен талқысына түскен қылмыстық істі облыстық ІІД  өз бақылауына алған болатын.

Соңғы жаңалықтар