Ешкімнен жеңілмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та WBC титулы үшін айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - 8 желтоқсан күні АҚШ-тағы Техас штатының Остин қаласында Қазақстан өкілдері де қатысатын бокс кеші өтеді, деп жазады Sports.kz.

Екінші ең жеңіл салмақтағы боксшы Искандер Харсан (4-0, 4 КО) бокс алаңына АҚШ өкілі Хорхе Рамоспен (6-0-1, 3 КО) сегіз раундтық жекпе-жекте кездеседі. Бұл айқастың басты сыйлығы - жастар арасындағы WBC Intercontinental чемпионының бос титулы.

Бірінші ауыр салмақта шығып жүрген Асхат Жантұрсынов (2-0, 2 КО) жергілікті боксшы Майкл Коронадомен (1-1-1) айқасады. Жекпе-жек төрт раундтан тұрады.

Осы салмақ дәрежесінде шығып жүрген Әли Балоев (7-0, 6 КО) сегіз раундтық форматта американдық Рэйфорд Джонсонмен (11-24, 6 КО) бокстасатын болады.

Соңғы жаңалықтар