+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ешкім ақша аударымдары үшін комиссия алуды ойлап отырған жоқ - министр

2019 жылғы 14 қараша 21:59
Бөлісіңіз:
Ешкім ақша аударымдары үшін комиссия алуды ойлап отырған жоқ - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қолма-қол ақшасыз аударымдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, бұл мәселе бойынша қазір бір нақтылық жоқ. Айтарым, жеке тұлғалар бұған қатысты алаңдамауы керек. Ешкім де ақша аударымдары үшін қандай да бір комиссия алуды ойлап отырған жоқ. Қаржы министрі бүгін ол туралы мәлімдеме жасады. Сондықтан, бұл жерде түсініксіз мәселе болмауы тиіс», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде күн тәртібіне бұл мәселенің шығуының өзі – экономиканы қолма-қол ақшасыз айырымына ауыстыру бойынша орасан зор жұмыстың арқасы екенін атап өтті.

«3-4 жыл бұрын ғана банк карталары арқылы мұндай ақша аударымының көлемі көп болған емес. Бүгін әсіресе ірі қалаларда – қолма-қол ақшамен есеп айырысу деңгейі қысқарған. Бәрі де транзакцияға көшіп кетті. Әрине, осының арқасында біздің экономиканың ашықтығы арта түседі. Сонымен бірге, Қаржы министрлігінің алаңдап отырғанын да түсінуге әбден болады. Қазір дүкендер мен шаштараздардың, басқа да орындардың клиенттері сатып алушының картасымен өз картасы арқылы есеп айырысады. Осылайша, келісім сомасында салық аудару есепке алына бермейді. Бұл әлбетте, ұсақ-түйек есеп. Бірақ, бүкіл елде өсіп бара жатқан ақша аударымы операцияларының ауқымын алар болсақ, әрине біздің фискалды органдар сұрақтарын қоя бастайды. Олар бұл мәселені шешуі керек», - деді ол.

Еске сала кетсек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов халықтың қолма-қол ақшасыз аударымдарына қатысты пікір білдірген болатын.

Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан ешқандай қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ. Әсіресе жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарын тексеру – ешқандай жоспарда жоқ», - дейді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT