+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Ешқандай мұғалімнен сабақ өткізгені туралы есеп талап етілмейді - министр

2020 жылғы 3 сәуір 19:45
Бөлісіңіз:
Ешқандай мұғалімнен сабақ өткізгені туралы есеп талап етілмейді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі сабақты онлайн өткізуді тоқтату керек деген шешімге келді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұстаздармен бірнеше онлайн кездесу өткіздім. Сонда қашықтан оқыту туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Біз ол ұсыныстармен келісіп, сабақты онлайн өткізуді тоқтату керек деген шешімге келдік. Мен айтқан платформалармен жұмыс істеудің бірнеше тиімді жағы бар. Бұл жүйе бойынша әртүрлі сұрақтар туындайтын болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық тексеру тоқтатылды.

«Қазіргі кезде мұғалімдерден, мектептерден жиналатын есептер көп болып кетті. Бұл есептерді тоқтату туралы бұйрық шығардық. Ешқандай мұғалімнен сынып журналынан басқа ешқандай есеп талап етілмеуі керек деген шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайды өздеріңіз білесіздер, сондықтан бүгінгі күні балаларымызға, ұстаздарымызға, әріптестерімізге сенуіміз керек. Кейбір жерлерде өткізіп жатқан сабақтың скриншотын талап етеді, кейбір жерде өткізген сабақты видеоға түсіріп алуды талап етеді. Осындай келеңсіз жағдайларға көзіміз жетіп отыр. Мұндай нәрсеге жол бермейміз, сондықтан ешқандай есептер қажет емес. Өңірлерде бақылау басқармалары бар, ол департаменттерге де осындай тапсырма берді. Енді олар тексеріс жүргізбек түгілі, ұстаздардан есепті талап етпеу мәселесін қадағалап отыратын болады. Біз үйренген дәстүрлі оқу кестесі де болмайды. Бала тапсырманы өзіне ыңғайлы уақытта орындайды. Ең бастысы – бізге нәтиже керек. Ол нәтижені біз жинақтық бақылауда көріп отырамыз. Жалпы балаларымызға сеніп, қолдауымыз керек», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT