Ешбір мемлекетте түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін сақтап, мәдениетін жаңғыртуға еліміздегідей жағдай жасалмаған - М.Тохаева

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Барша қазақстандықтарды еліміздегі татулық пен достықтың жаршысына айналған қастерлі Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Наурыз мейрамы әр отбасына бақыт, ырыс-ынтымақ әкелсін. Егеменді елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық мәңгі жасасын!»,-дейді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі М.Тохаева.

Марзият Тохаеваның айтуынша, Ұлыстың Ұлы күні Тәуелсіз елдің азаматы ретінде кез келген қазақстандықтың бір-біріне ақ ниет, игі тілектер тілеп, елдің ынтымағы мен бірлігін асқақтату парызы. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім біздің басты құндылығымызға айналып отыр. Түрі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір әр ұлт өкілдері ортақ мүдде жолында жарастықтың дәмін сезініп, табысты ел болу мақсатын ұстануы кажет.

"Біздің Ақмола облысында да сан ұлттың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің бүгіні мен болашағы үшін қажырлы істер атқарып жатыр. Осы орайда, өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін қайта жаңғыртуда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының рөлі орасан зор. Менің бұл сөзіме облысымыздағы барлық этномәдени бірлестік мүшелері де қосылады деп ойлаймын.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдары биік жетістікке жетіп, мықты мемлекет құру мақсатында ден қойғаны Елбасының көреген саясатының айқын жемісі. Біз көп ұлтты қоғамбыз. Қазақстан - барлық ұлттардың қасиетті мекені. Осындай құндылықтардың арқасында әрқайсымыз Елбасымыздың Жолдауында туындаған міндеттерді жан-жақты жүзеге асыруға атсалысатынымыз айқын.

Шыны керек, ешбір мемлекетте түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін сақтап, мәдениетін жаңғыртуға біздің тәуелсіз еліміздегідей жағдай жасалмаған. Қазақстанда тұратындар өзінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзгеге насихаттауға құқы бар. Өз басым бұны халықтардың бір-біріне деген сыйластығы, мәдениетке, әдебиетке деген зор құрметтері деп түсінемін. Көпұлтты елімізде бір шанырақтың астына ұйысқан халық ең алдымен мемлекетіміздің, оның тарихын, тілі мен ділін құрмет тұтуы қажет. Сондықтан, осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды еліміздегі татулық пен достықтың жаршысына айналған қастерлі Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мейрамы әр отбасына бақыт, ырыс-ынтымақ әкелсін. Егеменді елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық мәңгі жасасын!",-дейді М.Тохаева.

Соңғы жаңалықтар