+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Еш қауіп жоқ – Жандарбек Бекшин Алматыға Уханнан келген ұшақ туралы

2020 жылғы 25 қаңтар 18:20
Бөлісіңіз:
Еш қауіп жоқ – Жандарбек Бекшин Алматыға Уханнан келген ұшақ туралы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухан қаласынан Алматы әуежайына қонған ұшақ туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жас дәрігер жол апатына ұшырап, далада жатып қалған жүргізушіні құтқарды Түркістан облысында МӘМС бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдар көбейіп келеді Diamond Princess круиздік лайнеріндегі үш ресейліктен коронавирус анықталды

«Бұл рейстен хабарымыз бар. Онда вирус жұқтырған жолаушының болғандығы туралы ақпарат жоқ. Халықаралық алгоритм бойынша ұшақ біздің әуежайға қонды және біздің бақылауымызда болды. Одан кейін ұшақ санитарлық қонуға жіберілді. Онда жанармай толтырылды, бұл ұшақтың бір де бір ұшқышы немесе жолаушысы Қазақстан аумағына кірген жоқ», - деді Жандарбек Бекшин СҚ «Фармация» алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ұшақ люктері жабылып, дезинфекция жүргізілген.

«Бірақ бұл шамадан тыс шаралар болды - егер ұшақ 12 мың метр биіктікте ұшса, мұндай төмен температураға ешқандай вирус төтеп бере алмайды. Біздің азаматтармен еш байланысымыз болмады, бортқа ешкім көтерілген жоқ», - деді Ж. Бекшин.

Еске сала кетсек, «Ыстанбұл — Ухан — Ыстанбұл» бағыты бойынша, бұрын коронавирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақ Алматы әуежайына қонып, жанармай толтырды. Осыған байланысты әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT