Есепшотына 85 млн теңге аударып алған бас бухгалтер 7 жылын түрмеде өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есепшотына 85 млн теңге аударып алған дәрігерлік амбулатория бас бухгалтері 7 жылын түрмеде өткізеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 25 сәуірінде Өскемен қалалық №2 соты «Меневное ауылының дәрігерлік амбулаториясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналық мемлекеттік кәсіпорынының бас бухгалтері И.Орехованы 85 млн теңгеден астам бюджет қаражатын өзінің есепшот картасына заңсыз аудару арқылы ұрлағаны үшін айыпты деп таныды. Оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салынды және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», - деді Данияр Ақуан.


Соңғы жаңалықтар