Есеп комитетінің төрағасы ТМД-ға жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясына қатысады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев Душанбеде өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің ІХ сессиясының жұмысына қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қыркүйектің 30-ында өтетін жиында Есеп комитетінің төрағасы О. Өксікбаев «Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әлемдік қаржы - экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдалану саласындағы рөлі мен орны туралы» тақырыпта баяндама жасайды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясына қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жоғары  қаржылық бақылау органдарының жаһандық қаржы - экономикалық дағдарыстың салдарын еңсерудегі рөлін талқылайтын болады.

Талқылаудың нәтижесі бойынша Қазақстанның, Әзірбайжанның, Беларусияның, Қырғызстанның, Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Украинаның жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясының қорытынды құжаттарына қол қояды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған сессияның аясында, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кеңесіне төрағалық еткен Ресей Федерациясының Есеп палатасы осы қызметті ресми түрде Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін 2000 жылы құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар