Есеп комитетінің қолға түскен аудиторлары кінәсін мойындады
«Тергеу шараларының барысында Б.Копобаева, С.Мұқашев. Қ.Айжығұлов, Е.Шамишев, Ш.Құрғанова мен Б.Елемесовтер кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін айтты»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, «Қазақавтожол» РМК аймақаралық бөлімдерінің жетекшілері де сыбайлас жемқорлыққа араласқандарын айтып, Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларына 16 млн теңге көлемінде пара бергендерін мойындады. «Оларға қатысты кепілмен босату жазасы қолданылды»,-делінген ҚазАқпараттың ресми жауабына жіберілген хатта.
Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсан күні мемлекеттік аудиторлар - Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаевалар, пара берген «Қазақавтожол» РМК бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмшиев ұсталған болатын.