Есеп комитетінің басшысы Ұлттық қор қаражатын тиімсіз пайдалану деректерін сынады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімсіз пайдалану деректерін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджеттің шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, 2021 жылы елімізде 1,1 мың жаңа жоба басталған. Жобалардың 90 пайызы Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылды», - деді Н.Годунова Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде.

Оның айтуынша, былтыр жоспар бойынша 64 жоба аяқталмай қалған.

«Ұлттық қор қаржатын жұмсау бекітілген тұжырымдамаға сай келмейді. Екіншіден, бұл бағыттағы қадамдар әлемдік экономиканың дамуы болжамына қарама-қайшы», - деді Есеп комитетінің басшысы.

Осы орайда ол Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқыны аса жоғары болмайтынын, сондай-ақ басқа да сыртқы факторлар еліміздің экономикасына әсер етуі мүмкін екенін айтты. Сондықтан Қазақстан Үкіметі бұл тәуекелдерге дайын болуы керек.

«Биыл бізді мұнай бағасының жоғары болуы құтқарып тұр. Алайда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың біразын қазіргі қалыпты іс-шараларға бағыттаймыз», - деді Н.Годунова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Жамаубаев жалпы сипаттағы трансферттерді көбірек алу үшін жергілікті жерлерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуі орынды екенін айтты.

Қаржы министрі Есеп комитетінің ескертуіне жауап берді .

Сонымен қатар ол мемлекет борышы қауіпсіз деңгейде сақталып тұрғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар