Есеп комитетінің аудиторы парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы пара алғаны үшін жауапқа тартылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, комитет аудиторы қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижесі мен оның қорытындысын шығарғаны үшін квазимемлекеттік сектор өкілінен 240 мың теңге сомасына тауар мен басқа да құнды заттарды алған. "Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Осыған байланысты оны қамауға алған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді А.Бердалин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қамауға алынғанын жариялады. Ол мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Бұдан бөлек, ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды.

Қызылордада облыстық басқарма басшысының орынбасары экстремизмге қарсы шараларға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған.

Ал Степногорск қаласында қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды.

Сондай-ақ, полицейлерден ақша жинаған басшылар ұсталды.

Соңғы жаңалықтар