Есеп комитеті: Ұлттық киноиндустрияны қолдауда олқылықтар баршылық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есеп комитетінің отырысында Мәдениет және спорт министрлігінің жекелеген бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігінің қабылдаған шараларына қарамастан, қазіргі уақытта мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде бірқатар жүйелік проблема бар. Министрлік бөлінген қаражатты тиімді пайдалану жұмысын жеткілікті дәрежеде бақыламай отыр. Әлеуметтік маңызы бар және мәдени шараларды өткізу аясында жеке мемлекеттік сатып алуларды жариялаған кезде әлеуетті жеткізушілерге құқыққа қайшы талаптар қойылады. Осылайша, мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниетті жеткізушілердің саны азаяды», - деді Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ұлттық киноиндустрияны қолдау шараларының олқылықтары баршылық.

«Жаңадан құрылған «Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» акционерлік қоғамының бірыңғай операторын қаражатпен қамту мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бұл орталықтың басқа кіріс көзі жоқ», - деді Талғат Жақан.

Оның айтуынша, осы жылдың наурыз айында құрылған орталықтың шығыны 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 126,6 млн теңгеге жеткен. Ал оған негізінен 2 млрд 460 млн теңге бөлінгенімен аталған соманың 5,1 пайызы ғана игеріліп отыр. Қалған ақшаның игерілмей қалатын түрі бар.

«Оның үстіне Кино орталығы ашылғалы сарапшылар кеңесінің бір ғана отырысы өткен», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар