Есеп комитеті: Салық дұрыс есептелмегендіктен бюджет 6,5 млрд теңгені жоғалтты
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова салықтық әкімшілеуге қатысты мәселені көтерді.
«Біз салықтық және кедендік әкімшілеу сапасының жоғарылуында резервтер бар екенін айтқан едік. Жалпы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің бағалауына сүйенсек, сапасыз салықтық әрі кедендік әкімшілеудің салдарынан республикалық бюджет 6,5 млрд теңге жоғалтты», - деді Н. Годунова.
Сонымен қатар ол бюджетке берешек, ҚҚС-ты қайтару және сапалы болжау бойынша мәселені шешуде тиімділікті қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Қазақстанның мемлекеттік қарызы не себепті өсіп жатқанын түсіндірді.