+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Есеп комитеті Президентке үш жылда жұмсалатын 1,16 трлн теңгені оңтайландыруды ұсынды

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:50
Бөлісіңіз:
Есеп комитеті Президентке үш жылда жұмсалатын 1,16 трлн теңгені оңтайландыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерболат Досаев Президентке Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді.

Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды.

Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT