Есеп комитеті: ОҚО-да «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда 18,4 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары анықталған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есеп комитетінің Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмасы бойынша бірлесіп өткізген кезекті отырысында аймақтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ақ бұлақ» бағдарламасының 2011-2020 жылдарға арналған іске асырылу барысының тиімділігін аралық бағалауының қорытындылары шығарылды.
Есеп комитетінің бағалауы бойынша, аймақта аралық кезеңде Бағдарламаның орындалуы тиімсіз іске асырылуда. Атап айтқанда, облыстағы 250-ден астам ауылдық елді мекендер сапалы ауызсумен қамтылмаған.
Түркістан қаласында сумен жабдықтау және оны тарату бойынша жұмыстарды өткізу үшін 1 млрд. теңгені құрайтын келісімдер мемлекеттік сатып алу процедуралары сақталмай жасалды. Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында 273,6 млн. теңгеге салынған кәріз желілерін сәйкес лицензиясы болмаған мердігер салды.
Отырар ауданының Ескі Шілік ауылында 2012 жылы пайдалануға берілген бағасы 12,8 млн. теңгені құрайтын су іркуіш торабы қараусыз қалып, суды көршілес жатқан Ақтөбеден алуда. Түркістан қаласындағы 167 кәріз-сорғы стансасынан екеуі ғана пайдаланылуда, 2,1 млрд. теңгені құрайтын 15 станса ішкікварталдық кәріз желілерінің жоқтығынан жұмыс істемей тұр.
2006-2011 жылдары салына бастаған облыстық сумен жабдықтаудың жеті нысаны әлі күнге дейін аяқталмады. Сумен жабдықтау үшін 700 млн. астам теңге бөлінген Созақ ауданындағы Бабаата және Құмкент ауылдарында іздеу жұмыстарын сапасыз өткізу салдарынан бұл ауылдар ауызсумен қамтылмады.
Шымкент, Сайрам, Төлеби және Мақтаарал аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 13 жобаны іске асыру кезінде оларға тиісті түзету және жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттің сараптамасын өткізусіз жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге өзгерістер енгізілді. Облыстағы мемлекеттік қабылдау комиссиялары құрылысы кезінде жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқушылыққа жол берілген сумен жабдықтау және оны бөлу құны 5,8 млрд. теңге болған 15 нысанды пайдалануға беру жағдайлары тіркелген. Бұл ретте мемлекет төлеген авторлық және техникалық қадағалау тиісті түрде іске асырылмады.
Жалпы алғанда, бақылау шаралары жалпы сомасы 18,4 млрд. теңгеден асқан бюджеттік және өзге де заңнама талаптарын бұзушылықты анықтады. Бақылау барысында республикалық бюджетке 200 млн. теңгеден астам қаржы қайтарылды. Тәртіптік жазаға 29 лауазымды тұлға тартылды.
Отырыс қорытындылары бойынша Есеп комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне жол берілген заң бұзушылықтарды жою, республикалық бюджет қаражатының орнын толтыру (қалпына келтіру), қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қолдануды, сондай-ақ тағы басқа бірқатар тапсырмалар берді.
Бақылаудың жекелеген материалдары процессуалдық шешімдерді қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.
- Карантин: Ордабасыда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
- Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ
- Кентауда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
- Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады
-
Созақтағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды
-
Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам