Есеп комитеті квазимемлекеттік сектордағы жүйелі проблемаларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатта Үкіметтің және Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде квазимемлекеттік сектордағы кемшіліктер айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларының көбіне аудит жүргізілді. Тек 2020 жылы квазимемлекеттік сектордың 25 субъектісі және олардың активтерінің 16 трлн теңгесі аудитпен қамтылды. 60 жүйелік проблема мен кемшіліктер, 41 млрд теңге қаржылық бұзушылық, 340 млрд теңгеге активтерді тиімсіз басқару анықталды», - деді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова.

Оның айтуынша, әзірге, квазимемлекеттік секторды жоғары технологиялық әрі тиімді институттарға трансформациялау тиісті нәтиже бермей отыр.

«Трансформация ұзаққа созылып барады, кешенді жоспарды жүзеге асыру қорытындысы бойынша жекешелендіру тек 62 пайызға қамтамасыз етілді»,- деді Есеп комитетінің басшысы.

Оның пайымынша, мемлекеттік активтерді басқару бойынша қадамдарға өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Осы орайда квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін стратегиялық жоспарлауды жетілдіру керек. Сонымен қатар борыш жүктемесін қадағалауды күшейтіп, корпоративті және дивидент саясатын нақты регламенттеу маңызды.


Соңғы жаңалықтар