Есеп комитеті: Қаржылық бұзушылықтарға тікелей жауаптыларды жазалау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова қаржылық бұзушылықтарға тікелей қатысты адамдарды жауапқа тарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, сапасыз бюджеттік шешімдер 2018 жылы 138 млрд теңге тиімсіз шығыстарға әкеп соқтырды. Оның ішінде 26 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға тиесілі. Бұл ретте, әдеттегідей қаржылық бұзушылықтардың 90 пайызға жуығы бухгалтерлік есептілік саласындағы кемшіліктер. Аудит қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасының 100 пайызы өтеліп, қалпына келтірілгенімен, жіберілген бұзушылықтар үшін дербес жауаптылық туралы мәселе өзекті болып қалуда», - деді Н. Годунова 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп комитетінің қорытындысын таныстыру кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, көп жағдайда кінәлі адамдардың өз еркімен жұмыстан кетулеріне байланысты олар көбінесе жауапқа тартылмайды. Жекелеген жағдайларда тәртіптік іс жүргізу қозғалғанның өзінде қатардағы орындаушыларға қатысты ғана қозғалады.

«Қаржылық бұзушылықтар үшін лауазымды адамдарды міндетті түрде жауаптылықа тартуды енгізу бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу өте маңызды деп есептейміз. Осы орайда бұзушылық сомасына байланысты, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлағаны және тиімсіз пайдаланғаны үшін осы жауаптылықтың ара-жігін белгілеу қажет. Елбасының да осындай тиісті тапсырмасы болған, сонымен қатар депутаттар да қолдау білдірген», - деді Есеп комитетінің төрайымы

Соңғы жаңалықтар