Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Білім және ғылым министрлігінің шығыстарына аудит жүргізуге қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мектептерді ақпараттандыруға 27,2 млрд теңге бюджет қаражатының және «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыруға мемлекет атынан тартылған халықаралық қарыздар (2017 жылы алынған Дүниежүзілік банктің қарызы) аясында қаржыландырылған 67 млн АҚШ долларының пайдаланылу тиімділігіне тексеру тағайындауға қатысты мынаны хабарлайды. Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Есеп комитеті республикалық бюджеттен өңірлерге берілген, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттерді жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне

мемлекеттік аудит жүргізуді жоспарлаған (аяқталу мерзімі – ағымдағы жылғы IV тоқсан)», - делінген Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың жауабында.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты 27,2 млрд теңге көлеміндегі қаражат осы аудиторлық іс-шара аясында қаралатын болады.

«Аудиттің нәтижелері Есеп комитетінің 2020 жылдың IV тоқсанының қорытындылары бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат құрамында Парламентке жіберіледі.

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасын қаржыландыруға Дүниежүзілік банктің 67 млн доллар қарыз қаражатының пайдаланылуына аудит жүргізу Есеп комитеті Мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде ескеретінін қосымша атап өтеміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар