Есеп комитеті 2021 жылы тиімсіз жұмсалған қаражат сомасын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материал жолдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға қарағанда 2021 жылы бұл саладағы талаптарды бұзу деңгейі 27 пайызға аз болды. Есепті кезеңде тиімсіз жұмсалған қаражат сомасы 413 млрд теңгені құрады. Оның ішінде қаржы саласындағы талаптарды бұзу бағытында 79 млрд теңге анықталса, соның 85 пайызы бухгалтерлік есепке қатысты. Тиімсіз жоспарлау мен пайдалану тұрғысында 200 млрд теңгеден астам қаражат тіркелді. Республикалық бюджетке қайтарылған сома 17 млрд теңге болды. Бақылау шотындағы қалдық қаражат – 47 млрд теңге», - деді Н. Годунова.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материалды жолдады. Соның арасында 56-сы былтыр қарастырылды.

«Қазіргі кезде 32 материал қаралып жатыр, сотқа тек 3 іс жіберілді. Осы орайда материалдың біразы бойынша тергеу амалдары қайта қозғалып жатыр. Атап айтқанда, жүргізілген аудитке қатысты Үкімет анықталған кемшіліктерді түзету бағытындағы жұмыстарды атқарып жатыр», - деді Есеп комитетінің басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Жамаубаев жалпы сипаттағы трансферттерді көбірек алу үшін жергілікті жерлерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуі орынды екенін айтты.

Сонымен қатар ол мемлекет борышы қауіпсіз деңгейде сақталып тұрғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар