Есеп бергенде қызметкерлердің санын көрсетпейтін жұмыс беруші олардың құқығын бұзады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс беруші қызметкерлер үшін уақытылы аударым жасамаған жағдайда ол олардың құқығын бұзады. Өйткені бұл зейнеткерлік өтілін және зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілер жеке табыс салығы бойынша декларациясында қызметкерлердің толықтай көрсетілуіне автоматтандырылған бақылауды бастады.
Бұл рәсім ҚР электрондық еңбек келісімшартын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарты негізінде жүзеге асырылады.
Сондықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті салық есепбінде барлық қызметкерлерді, олардың нақты кірісін және зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлем аударымы толық көрсетілуі қажеттігін еске салады.
Тек биылдың өзінде жұмыс берушілерге 706 мың қызметкерге қатысты 46 мыңға жуық бұзушылық туралы хабарлама жолданды.
Атап айтқанда, 41 мың жұмыс беруші өз қызметкерлерін көрсетпейді, 5 мың жұмыс беруші 150 мың жұмыскерді салық есебінде көрсетпей тапсырады.
Еске сала кетейік, экономиканың жекелеген салалары үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалақы қорынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату енгізілген болатын.
- Павлодарда бетіне оқ тиген әйел оқиға орнында көз жұмды
- Бір күнде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды - СҚО
- Петропавл тұрғыны үйінен 1 мыңға жуық патрон тауып алды
- Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
-
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
-
Мәулен Әшімбаев: Сенат Президент бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам