Есентаевтың қызы сотта әкесінің қорғаушысы болатындығы жөнінде ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаевтың қызы Айсәуле сотта әкесінің қорғаушысы болмайтындығын мәлім етті.

«Мен сотта әкемнің қорғаушысы болмаймын, мен бұл істе тек куәгермін. Мен жаз бойы тергеу изоляторындағы әкеме бару үшін оның қоғамдық қорғаушысы болдым, алайда қорғаушы әрі куәгер ретінде болу заңға қайшы. Сондықтан мен оның қорғаушысы бола алмаймын», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында. 

Сонымен қатар, ол әкесін де шешесін де жақсы көретінін атап өтті.

Бұған дейін айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов Айсәуле Бақытбек әкесін сотта қорғайтынын мәлім еткен болатын.    

Еске сала кетсек,  28 қыркүйекте Қаскелең мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаевқа қатысты іс бойынша сот талқысы басталды. Ал соттың алғашқы отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтетіні белгілі болды.

Бақытбек Есентаевқа келіншегін соққыға жығып, пышақтады деген айып тағылған. Танымал продюсерді 10 маусымда ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізді, оған сонда ота жасалған болатын.

Соңғы жаңалықтар