Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы 18 қазанда өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бахытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алқа билерге кандидаттарды іріктеу процедурасы жүргізілді, алайда сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты. Сондықтан келесі сот отырысы 18 қазанда Талдықорғанда өтеді. Кандидаттардың саны 17-ден аз болды. Заң бойынша іріктелген үміткерлердің саны 17-ден кем болмауы тиіс», - деп атап өтті айыпталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Ол 17-ден астам үміткер келгенін, алайда әрбірі өз құқықтарын, сотқа қатысушылар өз құқықтарын жүзеге асырғанын айтты.  

«Қорғаушы тарап себебін айтпай үш алқа би үміткерін тізімге алмау құқығын пайдаланды, мемлекеттік айыптаушы екі алқа би үміткерін алып тастады, осылай заңда көрсетілген межеден үміткерлер саны аз болып қалды. Сондықтан сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты», - деп түсіндірді ол. 

Соңғы жаңалықтар