Есентаевқа қатысты аппеляциялық шағымның шешімі 20 желтоқсанда жарияланады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облыстық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты аппеляциялық шағым қаралды. Енді нақты шешім 20 желтоқсанда сағат 10:00-де жарияланатын болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал Баян Есентаеваның қорғаушысы Марат Асқарбеков аппеляциялық шағымға қатысты пікірін білдірген жоқ.

«Өзіміз де білмей тұрмыз, не болатынын. Тек жақсылықты күтеміз», - деп  қысқа қайырды. Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызы келмеді.

Айта кетейік, 9 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытбек Есентаевқа шығарған сот үкімімен келіспеген қос тараптың қорғаушылары аппеляциялық шағым түсірген болатын. Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов, судья дұрыс шешім шығармағаны жөнінде айтқан еді. Оның пікірінше, Есентаев өзінің бұрынғы әйелі Баян Есентаеваны өлтіруге оқталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаев адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Соңғы жаңалықтар