Есентаев ісі: Алқа билер анықталды, сот екіде жалғасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жақсейітов Талдықорғандағы сот отырысы сағат екіде жалғасатындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқа билер мүшелері анықталып болды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Бақытбек Есентаевқа қатысты іс  жабық режимде өтіп жатыр. 

Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын  өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі  таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген. 

Соңғы жаңалықтар