Есенсай ауылында газ алауы жағылды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақжайық ауданының Жайықтың сол жақ бетіндегі Есенсай ауылында газ алауы салтанатпен жағылды.

Тұрғындарды осынау мерейлі оқиғамен құттықтаған аудан әкімі Нариман Төреғалиев, «Лайгэ» ЖШС директоры Нұртай Жұмашев, «Нұржан» ЖШС директоры Әлжан Досмақов Елбасы тапсырмасына сәйкес ауыл халқының әл-ауқатын көтеру, тұрмысын жақсарта түсу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Жайықтың оң жағалауындағы Ростоша-Тайпақ магистралының түйіскен жерінен бастау алатын, сөйтіп, сол жағалаудағы Есенсай, Кеңсуат, Тасоба, Жұбан, Әтібек және Сайқұдық ауылдарына газ жеткізуге мүмкіндік беретін, яғни Сайқұдыққа дейін баратын аталған құбырдың жалпы ұзындығы - 92 шақырым. Оның жобалық құны - 1 млрд. 107 млн. теңге. Ал оны өзеннің сол жағалауына Қабыл ауылы тұсынан дәл есеппен өткізуде мердігер - «Лайгэ» ЖШС-нің қызметкерлері Жайықтың түбінен тігінен ұңғылау әдісін қолданды. Көгілдір отынды Есенсайда тұрғын үйлерге жеткізумен «Нұржан» ЖШС-нің құрылысшылары айналысуда.

Соңғы жаңалықтар