+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ержан Жылқыбаев вице-министр қызметінен босатылды

2020 жылғы 17 ақпан 12:53
Бөлісіңіз:
Ержан Жылқыбаев вице-министр қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Е. Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика департаментінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың наурыз айы аралығында Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі лауазымында болды.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап, 29 сәуірге дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы сәуірден қазіргі таңға дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметтерін атқарып келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT