Ержан Нүкежанов ҚР АКМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Ержан Болатханұлы Нүкежанов ҚР АКМ Ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ержан Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы - тарих магистрі.

2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған.

2002-2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген. 2009-2016 жылдары - ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен.

2016 жылғы маусым айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы шілдеден бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін Нұргүл Мауберлинова атқарған. Ол 2018 жылғы сәуірдегі Үкімет қаулысымен ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар