Ержан Максимнің анасы атышулы жарнамаға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші, «Голос. Дети» байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы Ержан Максим өзге қатысушылармен қарым-қатынасы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кастингке келген сәттен финалға дейін бәріміз дос болып келдік, бірге ойнадық, бірге дайындалдық. Бірге ән айттық, қазір де дос болып қалдық. Жалпы «Голос. Дети» байқауы қатты ұнады. Арасында қиыншылықтан да өтіп тұру керек», - деді Ержан Макисм елордада балалар үйінде өткен кездесуде.

Сонымен бірге, жас әншінің анасы Гүлмира Әлібек Ержан түскен атышулы жарнаманы түсіндіріп берді.

«Өткенде құрылыс компаниясының жарнамасына түстік. Сценарий бойынша, Ержан бірінші қабаттағы қызға ғашық болып, сол қабаттан пәтер сұрайды. Бірақ, ондағы пәтерлер сатылып кеткен. Осының бәрін адамдар Бірінші арнаға бұрмалап, репост жасап кетті. Жарнаманың Бірінші арнаға еш қатысы жоқ. Біздің арнаны әжуалайтын ойымыз да болмады. Ешкімді кінәламаймыз, ешкімге айып жоқ. Бәрі жақсы», - деді Г. Әлібек.
null

Әншінің анасы Ержан мен Микелла Абрамованың «Жаңа толқын» балалар байқауының ашылуында ән шырқағанын атап өтті.

«Ержан мен Микелланы қарсылас, бірінің орнын бірі тартып алды деген қауесет бар. Мұндай әңгіменің балаларға қатысы болмауы керек. Балалар шығармашылық өмірде бірге, тату-тәтті дос. Балалардың еш кінәсі жоқ. Олар тек қана өз арман-мақсаттарына ұмтыла беруі керек. «Жаңа толқындағы» дуэтті көрермен өте жақсы қабылдады, ән айтып болан соң 5 минут бойы «Молодцы!» деп қошеметтеді. Сонда өзімізді бақытты сезіндік», - деді Ержанның анасы.
null
null

Олардың айтуынша, 28 маусымда елордада өтетін Ержанның жеке концертіне Микелла Абрамованың қатысуы бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Одан бөлек, Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Ғайсин, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген сынды белгілі әншілер кеш қонақтары болмақ. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Бұған дейін Ержан Максим Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының жеңімпазы атанған еді.

Соңғы жаңалықтар