Ержан Максим тыңдармандарын елордада өтетін алғашқы жеке концертіне шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші, «Голос. Дети» байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы Ержан Максим елордада өзінің алғашқы жеке концертін береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Концерт 28 маусым күн «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Ғайсин, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген сынды белгілі әншілер кеш қонақтары болмақ.

«Кеш жарық, инста-достар! Менің алғашқы жеке концертіме келіңіздер! Барлығыңызды асыға күтемін. Тек сіздер үшін! Жіберіп алмаңыздар, керемет болады. Үлкен раxмет», - деп жазды жас өнерпаз өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Соңғы жаңалықтар