Ержан Максим The World's Best таланттар шоуына баруы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында жас дарын Ержан Максимнің қандай халықаралық конкурсқа қатысатындығы мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Америкадағы «The World's Best» байқауына бізден екі әнші қатысты. Атап айтқанда, таланттар шоуында Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова өнер көрсетті. Алдағы жылы министрлік АҚШ-тағы байқауға Ержанды ұсынуды жоспарлып отыр», - деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 28 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас дарын Ержан Максимнің жеке концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар