+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Ержан Максим Сочиде өтетін халықаралық фестивальдің құрметті қонағы болады

2019 жылғы 22 тамыз 11:14
Бөлісіңіз:
Ержан Максим Сочиде өтетін халықаралық фестивальдің құрметті қонағы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық жас әнші Ержан Максим 30 тамызда Сочиде өтетін «Super Дети» халықаралық балалар фестиваліне шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада демалыс күндері қайда баруға болады Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды СҚО-да мерейтойлық жылдың ресми ашылуы өтті

«Алда көптеген шығармашылық жоспарларымыз бар. Оның бәрі әзірге құпия. Дәл қазіргі уақытта біз бар күшімізді «Junior Eurovision 2019» байқауына салып жатырмыз, вокал жағынан дайындықты күшейтудеміз. Байқауда айтатын әнді күтіп отырмыз, одан соң оған клип түсіру жұмысы басталады. Жақын уақыттағы жоспарға келсек, Ержан жақында, нақты айтқанда 30 тамызда Сочиде өтетін «Super Дети» деп аталатын халықаралық фестивальдің басты қонағы болады», -деді әншінің анасы Гүлмира Әлібек елордада өткен «Nur Sultan Music Awards» халықаралық музыка фестивалінде БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.

Өз кезегінде жас әнші елорда төрінде өткен халықаралық фестивальдан алған әсерімен бөлісе келе, қандай өнер жұлдыздарымен дуэт айтқысы келетінін айтты.

«Бүгінгі фестивальға қатысқаныма қуаныштымын. Өте жоғары деңгейде өтуде. Мұндай шаралар менің сахнадағы тәжірибемді одан әрі шыңдай түседі. Әр әншінің дуэт айтқысы келетін өз кумирлері болады. Менің арманым Димаш Құдайберген ағаммен, сондай-ақ Селин Дион, Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі әншілермен сахнада бірге ән салғым келеді», - деді Ержан Максим.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT