Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ержан Максим өз концертіне тегін билеттер таратты

2019 жылғы 3 маусым 14:24 1068
Бөлісіңіз:
Ержан Максим өз концертіне тегін билеттер таратты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық әнші, «Голос. Дети» байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы Ержан Максим елордада балалар үйлеріне барып, өз концертіне тегін билет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Астаналық балалар үйінде 66 бала, SOS-балалар ауылында - 50 бала тәрбиеленіп жатыр.

«Мен сіздерді өз концертіме шақыру үшін арнайы келдім. Сыйлыққа балмұздақ әкелдім. Баршаңызды алғашқы концертіме шақырамын», - деді әнші.

Әнші «Голос. Дети» байқауына қалай қатысқанын, В. Меладземен қалай жұмыс істегенін, бос уақытында немен айналысатынын айтып берді.

Балалар әншіге өз сұрақтарын қойып, естелікке фотосуретке түсті.

Айта кетейік, Ержан Максим елордада өзінің алғашқы жеке концертін береді. Концерт 28 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Ғайсин, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген  сынды белгілі әншілер кеш қонақтары болмақ.

Бұған дейін Ержан Максим Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының жеңімпазы атанған еді.


null 
null 
null 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Қайырымдылық,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT