Ержан Максим қатысқан «Голос.Дети» байқауының нәтижесі жоққа шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарды. ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Голос. Дети» байқауының дауыс беру нәтижелеріне тексеру жүргізген Group-IB компаниясы қатысушылардың біріне автоматты түрде СМС-дауыстар жолданғанын бұған дейін тіркеген болатын.

«Аралық тексерулер дауыс беру процесіне сырттан ықпалдың болғанын растады. Соңғы есеп мамыр айының соңында белгілі болады. Алайда, Бірінші арна биылғы маусым нәтижелерін қазірден жоққа шығару жөнінде шешім қабылдады» - делінген ақпаратта.

Аталмыш арна байқауға дауыс беру шараларының қауіпсіздігін келесі маусымға дейін жетілдіретінін мәлімдеп отыр. Ал Алтыншы маусым нәтижелері жоққа шығарылғандықтан, 24 мамырда ақтық сынға қатысушылардың арнайы шығарылымы болады.

Еске салсақ, 11 жастағы оралдық өнерпаз Ержан Максим аталмыш конкурста Валерий Меладзенің командасында өнер көрсетіп, екінші орын иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар